Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткіні ел аумағына заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды
порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 30 мамыр күні ҰҚК қызметкерлері полиция, кеден органдары және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлескен операция жүргізген.
Тексеру барысында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетел азаматының жүгінен шамамен 21 келі марихуана табылған. Тыйым салынған зат тәркіленіп, күдікті ұсталды.
Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты "марихуана" табылған
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.