Алматыда кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Полицияға 15 жастағы қыздың анасы арызданған. Жасөспірімнің айтуынша, жүргізуші жол үстінде оған рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай, сүймек болған.
Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген заңсыз әрекет полицияның ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.