Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда танымал блогердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Малика Хамит · · 1 054 қаралым
Алматыда танымал блогердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде жасалған ота қайғылы жағдаймен аяқталды.

53 жастағы Сәуле Базархан жоспарлы операциядан кейін көз жұмған, деп хабарлайды

порталы.

Марқұмның туыстары болған жағдайға байланысты дәрігерлердің әрекетіне күмән келтіріп, әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялады.

Отбасының айтуынша, операция 15 мамыр күні өткен. Дәрігерлер ота шамамен бір жарым сағатқа созылатынын айтқанымен, жақындары бірнеше сағат бойы ешқандай ақпарат ала алмаған.

Марқұмның туысы клиника тарапынан нақты түсіндіру болмағанын айтып, оқиғаға қатысты көптеген сұрақтың жауапсыз қалғанын жеткізді.

Бірнеше сағат бойы анамыз туралы ешқандай мәлімет берілмеді. Біз оның қайтыс болғанын тек кешке қарай бір-ақ естідік. Не болғанын әлі күнге дейін толық түсінбей отырмыз
деді марқұмның туысы.

Туыстары жедел жәрдемнің де кеш шақырылғанын алға тартады. Сонымен қатар, олар оқиғадан кейін клиника жұмысын тоқтатпағанына наразы. Айтуларынша, медициналық мекеме жаңа клиенттерді қабылдауды жалғастырып жатқан көрінеді.

Қайғылы жағдай қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары медициналық қызмет сапасы мен пациент қауіпсіздігі мәселесін көтере бастады.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

15 мамыр күні Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны жекеменшік клиникалардың бірінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp