Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда тауға шығып, адасқан екі жасөспірім құтқарылды

Бақытжан Мұса · · 55 қаралым
Алматыда тауға шығып, адасқан екі жасөспірім құтқарылды

Алматыда тауға шығып, кері қайта алмай қалған екі жасөспірімді құтқарушылар аман-есен тауып алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

2 тамыз күні жоғалған жасөспірімдер туралы хабарлама түскеннен кейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметі жедел түрде іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Мамандар таулы аймақтың ерекшеліктерін ескеріп, жасөспірімдер жүруі мүмкін бағыттарды толық тексерген.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде олар Қарасай ауданындағы Турист шыңы маңынан табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, екі жасөспірімнің де жағдайы қанағаттанарлық болған, медициналық көмек қажет етілмеген.

[playlist type="video" ids="57731"]

Оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тауға шығар алдында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Ведомство маршрутты алдын ала жоспарлауды, жақындарына қай бағытқа баратынын және қай уақытта оралатынын хабарлауды, толық қуатталған ұялы телефон алып жүруді және ауа райы болжамын алдын ала тексеруді ұсынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp