Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда TikTok-та былапыт сөз қолданған екі азамат 5 тәулікке қамалды

Бақытжан Мұса 34 қаралым
Видеодан скрин
Видеодан скрин

Алматының Наурызбай ауданында TikTok әлеуметтік желісіне жарияланған бейнежазбаға байланысты екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды., деп хабарлайды Qandastar.kz.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында екі азаматтың былапыт және балағат сөздер қолданған бейнежазбасын анықтаған. Видеодағы әрекеттер авторлар тарапынан әзіл ретінде ұсынылған.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты.

Аталған дерек бойынша екі азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полицияның мәліметінше, қоғамдық ақпараттық кеңістікте былапыт сөздер мен қорлайтын сөз тіркестерін жария түрде қолдану заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай әрекетті әзіл ретінде көрсету жауапкершіліктен босатпайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp