Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда тұмшаланған адамдар қатысқан видеоға қатысты шара қолданылды

Бақытжан Мұса · · 424 қаралым
Алматыда тұмшаланған адамдар қатысқан видеоға қатысты шара қолданылды

Алматы қаласы Полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында беттерін тұмшалаған бірнеше әйелмен бірге қоғамдық орында жүрген ер адамның бейнесі түсірілген видеоны анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде аталған бейнероликтің коммерциялық мақсатта түсірілген қойылым екені белгілі болды.

Сонымен қатар кейбір қатысушылардың әрекеттерінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған.

Жиналған материалдар негізінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту түріндегі жаза тағайындалған. Бұдан бөлек, олармен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Полиция өкілдері кез келген жағдайда қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp