Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда Түркия азаматы 1 млрд теңгеге жалған шот-фактура рәсімдеген

Бақытжан Мұса · · 719 қаралым
Алматыда Түркия азаматы 1 млрд теңгеге жалған шот-фактура рәсімдеген

Алматыда жалған шот-фактуралар арқылы 1 млрд теңгеден астам қаржы айналымын ұйымдастырды деген күдікпен Түркия азаматына қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеді, дейді Qandastar.kz.

Тергеу мәліметінше, шетелдік азамат өз бақылауындағы бірнеше компания арқылы нақты тауар жеткізілмесе де және ешқандай қызмет көрсетілмесе де жалған шот-фактуралар рәсімдеп отырған. Заңсыз схема нәтижесінде мемлекетке ірі көлемде шығын келтірілген.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатқа Астанадан коммерциялық мақсаттағы нежилое помещение сатып алған. Кейін бұл нысан жалға беріліп, одан тұрақты түрде табыс түсіп отырған.

Бірінші сатыдағы сот шетелдік азаматқа бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанымен, амнистия қолданылған. Алайда сот барысында мүлікті тәркілеу мәселесі қаралмаған.

Кейін жоғары тұрған сот іс материалдарын қайта қарап, заңсыз табысқа сатып алынған коммерциялық нысанды және оны жалға беруден түскен кірісті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енгені хабарланды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp