Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда заңсыз базарлар жабылып жатыр: 1200-ден астам адам сауда жасаған

Малика Хамит · · 72 қаралым
Алматыда заңсыз базарлар жабылып жатыр: 1200-ден астам адам сауда жасаған

Алматыда заңсыз базарлар мен ретсіз сауда орындарын жою жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бұл мәселе қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен арнайы кеңесте қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері Алматы аумағында ретсіз сауданың 45 ошағы анықталған.

Бұл орындарда жалпы саны 1211 адам сауда жасаған. Қазіргі уақытта олардың 27-сі жойылып, жоспарланған жұмыстың 60 пайызы орындалған.

Заңсыз сауда орындарының басым бөлігі ірі базарлардың маңында, әсіресе «Барахолка» аумағында орналасқаны белгілі болды.

Тексеру барысында мемлекеттік жер қорында орналасқан 516 сауда нысаны анықталып, оның 413-і сүрілген. Қалған 103 нысан бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар жеке меншік аумақтардағы 1093 сауда нысанына мониторинг жүргізілген.

Кеңес қорытындысында қала басшысы проблемалық учаскелердегі бақылауды күшейтуді, заңсыз нысандарды бұзу жұмыстарын жалғастыруды және олардың қайта пайда болуына жол бермеуді тапсырды.

Әкімдік мәліметінше, ретсіз саудамен күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы алдағы уақытта да заңсыз базарлар мен сауда орындарын анықтау жұмыстарын жалғастырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp