Алматы қаласының Достық даңғылы, 170/1 мекенжайында орналасқан заңсыз сауда нысандары сүрілді, дейді Qandastar.kz.
Тексеріс барысында аталған жер телімінде ешқандай рұқсат құжаттарынсыз үш бір қабатты ғимараттың құрылысы жүріп жатқаны анықталған болатын.
Кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстар келесідей өрбіді:
- Нысан иесіне заңбұзушылықтарды жою туралы ресми нұсқама берілді.
- Меншік иесі талаптарды орындамағандықтан, іс материалдары сотқа жолданды.
- Сот шешімі шыққаннан кейін, ғимарат қожайыны нысандарды өз еркімен бөлшектеп, толықтай демонтаж жасады.