Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған алаяқтар тобы ұсталды

Малика Хамит · · 135 қаралым
Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған алаяқтар тобы ұсталды

Алматыда зейнеткерлерге қатысты ірі интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қала прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының және қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды алдап келген.

Олар жәбірленушілерді тұрғын үйін сатуға және қаражаттарын өздері бақылауындағы есепшоттарға аударуға көндірген.

Алдын ала есеп бойынша, келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 млрд теңгеден асқан.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырды және оған қатысты болды деген күдікке ілінген адамдар анықталып, ұсталды. Сот олардың қамауда болуына санкция берді.

Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қазір құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды тексеруде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp