Алматыдағы сауда орындарының бірінде түсірілген видео желіде қызу талқыға қалды, деп хабарлайды
порталы.
Видеода беті-басын толық тұмшалаған бірнеше әйел мен олардың қасында жүрген ер адам бейнеленген.
Видеоға полиция түсініктеме берді.
Тексеру нәтижесінде аталған роликтің коммерциялық түсірілім аясында дайындалған қойылымдық сипатта екені белгілі болды.
Сонымен қатар, жекелеген қатысушылардың әрекеттерінен қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды.
Жинақталған материалдар қаралып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды.
Сонымен қатар, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласының полициясы қоғамдық орындарда болу мақсатына қарамастан, заң талаптарын сақтау әр азамат үшін міндетті екенін еске салады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Almaty Din (@din_almaty)