Алматының Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды
порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, 71 жастағы ер адам өз үйінде аңшылық қаруды пайдалану арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында тіркелген.
Белгілі болғандай, марқұм көзі тірісінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырған. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де өз өмірін қию ниеті туралы бірнеше рет айтқан.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын бастап кетті.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы жан-жақты анықталуда
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Ресми қорытынды кейін жарияланады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)