Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда жер сілкінді

Малика Хамит · · 799 қаралым
Алматыда жер сілкінді

Алматыда бүгін түскі уақытта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Дүмпу қала тұрғындарына 2 балл деңгейінде сезілген.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі 12 тамыз күні Астана уақытымен сағат 12:14-те сейсмикалық станциялар желісі арқылы анықталған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Төтенше жағдай мамандары жер сілкінісі кезінде сабыр сақтап, лифт пен баспалдақты пайдаланбауға кеңес береді. Терезе мен ауыр жиһаздан аулақ болып, қауіпсіз жерге жасырынған жөн.

Дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан шығу қажет болса, электр, су және газды мүмкіндігінше өшіріп, электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыс болған дұрыс. Балаларға, қарттарға және ерекше қажеттілігі бар адамдарға көмек көрсету де маңызды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp