Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда жер сілкінді: дүмпу 3-4 балға жетті

Малика Хамит · · 28 қаралым
Алматыда жер сілкінді: дүмпу 3-4 балға жетті

Алматыда бүгін сезілетін жер сілкінісі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 09:38:07-де тіркелген.

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

- Алматыда – 3-4 балл;

- Қарасай (Қаскелең) қаласында – 2-3 балл;

- Боралдайда – 2-3 балл;

- Өтеген батыр ауылында – 2 балл.

Қазір мамандар жер сілкінісінің нақты ошағы мен қарқындылығын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат берілді.

ТЖД тұрғындарды сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге шақырды. Жағдай бақылауда, қосымша ақпарат берілген жағдайда жаңартылады.

Тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне сену ұсынылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp