Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыда жол бойында асылулы күйдегі ер адамның денесі табылды

bahitzhanabzal · · 224 қаралым
Алматыда жол бойында асылулы күйдегі ер адамның денесі табылды
Фото: ашық дерекөз
Алматының Индустриалды аймағында ер адамның денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесі электр беру желілері ішіндегі темірде ілулі тұрған, деп хабарлайды qandastar.kz
Әлеуметтік желідегі хабарлама авторы ер адамның қолдары артына қайырылып, байлаулы болғанын айтып, оны өлтіріп кеткен деп болжайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ZAKON.kz тілшісіне аталған ақпаратты растады: "Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы мен мотиві айқындалуда".
Бұған дейін желіде Алматы облысының Қызыл Қайрат елдімекенінде қараусыз қалған кірпіш зауыты ғимараты жанынан әйелдің денесі табылғандығы туралы ақпарат жарияланған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның 56 жастағы әйел екенін растады.
Бөлісу: Telegram WhatsApp