Алматы қаласының Жетісу ауданында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні қорқытып, басқа жаққа баруға мәжбүрлемек болған күдіктіні жедел түрде ұстады, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға Солтүстік айналма жолында болған. Қызмет барысында патрульдік экипажға «Kia» автокөлігі тоқтап, рөлдегі шетел азаматы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің артқы орындығында отырған жолаушы жүргізушіні тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.
Полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде оның қолындағы қаруға ұқсас заттың ойыншық тапанша екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, күдіктіні ұстау операциясы кезінде жол-көлік оқиғасы да тіркелген. Оқиға орнын бақылап келе жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі жол жағдайына алаңдап, назарын аударып алғандықтан такси көлігімен соқтығысқан.
Полиция азаматтарға жол қозғалысы кезінде мұқият болып, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)