Алматыда жүзден астам құрылысшы бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай, мердігер компаниядан еңбекақыларын талап етіп жүр. Айтуларынша, атқарылған жұмыс үшін төлем алты ай бойы жасалмаған. Қызметкерлер енді келісімшарт негізінде құзырлы органдарға шағымдануға ниетті. Zakon.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарды жариялады.
Жұмысшылар Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының құрылысында еңбек еткен. Алайда олардың сөзінше, маңдай термен тапқан табысы төленбей, тек уәдемен шектелген. Бірнеше ай бойы күткен азаматтар енді әділдік іздеп, жауапты тұлғалардан нақты шешім талап етуде.
КТК телеарнасының мәліметінше, жалақысын ала алмай жүргендердің саны жүзден асады. Олардың арасында басқа өңірлерден келген жұмысшылар да бар. Барлығының қолында еңбек еткенін дәлелдейтін құжаттары бар. «СТ Сервис» компаниясы әр жұмысшыға шамамен 2 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін қарыз болып отыр.
Еңбек инспекциясы бұл жағдай туралы ресми шағым түспегенін мәлімдеді. Дегенмен алдағы уақытта компанияға тексеріс жүргізіліп, мән-жай анықталмақ. Ал мердігер ұйым өкілдері берешекті наурыз айының соңына дейін толық өтейміз деп уәде берген.
Бұл жұмыскерлерге біздің департаментке арыз-шағым түсіруге кеңес берілді. Арыз-шағым түскен күннен бастап, біз біз тексеру жүргізіп, заң бұзылғаны анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады. Сонымен қатар жұмыс берушімен сөйлескенімізде, ол кісіәлер наурыз айының 20-на дейін еңбекақы қарызын толық төлеп береміз деп уәде берді".Алмат Қалдыбаев, Алматы қаласы еңбек инспекцясы департаментінің бөлім басшысы
Қазіргі таңда жұмысшылар бұл уәдеге сенуден басқа амал жоқ екенін айтады. Егер тексеріс барысында «СТ Сервис» компаниясының заң бұзушылығы дәлелденсе, тиісті айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
[embed]https://youtu.be/FLfU0QIapGE[/embed]