Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыдағы 2-ЖЭО жаңғырту жұмыстары 97 пайызға аяқталды

Бақытжан Мұса
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Сонымен қатар екінші энергия блогының құрылысын бастауға дайындық кезінде бірқатар техникалық қиындық анықталған. Атап айтқанда, топырақтың инженерлік-геологиялық жағдайы мен қолданыстағы қондырғыларды бөлшектеуге байланысты мәселелер құрылыс қарқынына әсер етіп отыр, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Осыған байланысты Нұрлыбек Нәлібаев анықталған кедергілерді жедел шешіп, дайындық және бөлшектеу жұмыстарын үйлестіруді тапсырды. Сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуына және құрылыс кестесінен кешікпеуге баса назар аударды.

«Алматы тұрғындары үшін айрықша маңызы бар жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бақылауында. Сондықтан жұмыс барысын қадағалап, соңына дейін жеткізу қажет», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, екі жылу электр орталығын жаңғырту Алматы қаласының энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін арттырып, қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp