Алматыдағы «Аюсай» бөгетінде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және гидротехникалық құрылыстардың жағдайын тексеруге арналған жаңа тікұшақ алаңы жабдықталды. Жаңа нысан қауіпті учаскелерді әуеден бақылауға мүмкіндік береді. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Бұған дейін тікұшақ алаңы сел қоймасының ойыс бөлігінде орналасқан. Ал жаңа алаң электр беру желілері мен автомобиль жолынан қауіпсіз қашықтықта орналастырылған.
Жаңа алаңның іске қосылуы қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізуге, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылауға және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.