Алматыда өткен психологиялық семинардың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды
порталы.
Көпшіліктің наразылығын тудырған кадрларда тренинг жүргізушісі қатысушыларды бір әйелді қолдауға шақырып, оған бірнеше рет бейәдеп сөз айтқызғаны көрінеді.
Кейін басқа қатысушылар да бұл әрекетке қосылған.
Желі қолданушылары мұндай “эмоционалды босаңсу” әдісін сынға алып, қоғамдық әдеп нормаларының сақталмағанын жазды. Осыдан кейін оқиғаға полиция назар аударған.
Алматы полициясының мәліметінше, психологиялық семинар барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталған.
Іс-шара барысында кейбір қатысушылар бейәдеп сөздер қолданып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп нормаларын бұзған
Оқиға бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы ұйымдастырушыға қатысты “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.
Сот шешімімен ұйымдастырушыға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Алматы қалалық полиция департаменті кез келген көпшілік іс-шара заң талаптарына сай өтуі тиіс екенін ескертті.
Қоғамдық орындарда бейәдеп сөз қолдану және айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар заң аясында тиісті бағасын алып, белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады