14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтетін америкалық рэпер Канье Уэстің концертіне 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Осыған байланысты қала полициясы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты
Көрермендердің стадионға ыңғайлы кіруі үшін үш бағыттан жалпы 40 кіреберіс ұйымдастырылған. Билет тексеру рәсімі сағат 16:00-де басталады. Концерт өтетін аумаққа тек жарамды билеті немесе арнайы аккредитациясы бар азаматтар ғана өткізіледі.
Полиция өкілдері келушілерді алдын ала өз кіреберісін анықтап, тәртіп сақшылары, қауіпсіздік қызметкерлері мен еріктілердің талаптарын орындауға шақырды. Бұл шаралар концерттің қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шара өтетін күні стадион маңында патрульдеу күшейтіледі. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендердің қалаға ыңғайлы тарауы үшін қоғамдық көлік қозғалысы күшейтіліп, қосымша шаттл автобустары іске қосылады.