Алматыда жеке емханалардың біріндегі операциядан кейін көз жұмған блогер Сәуле Базарханға қатысты Smart Beauty Clinic әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
порталы.
Клиника өкілдері блогердің қайтыс болғанын растады.
Әкімшілік мәліметінше, оқиғаға байланысты заңда қарастырылған барлық қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Алайда дәрігерлік және пациент құпиясына байланысты толық ақпарат жарияланбаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ПЛАСТИЧЕСКАЯ ХИРУРГИЯ АЛМАТЫ | SMART BEAUTY (@smart_beauty_kz)
Бұған дейін әлеуметтік желіде 15 мамыр күні Сәуле Ермаханова ота кезінде қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Туыстарының айтуынша, операция ұзаққа созылып кеткен. Олар науқастың жағдайы туралы бірнеше сағат бойы нақты ақпарат ала алмағандарын мәлімдеді.
Марқұмның жақындары әйелдің қайтыс болғаны туралы хабарды кешкі сағат 18:00 шамасында естігенін, ал жедел жәрдем бір сағаттан кейін келгенін айтуда.
Қазіргі уақытта туыстары оқиғаға толыққанды тергеу жүргізуді және клиника қызметін тоқтата тұруды талап етіп отыр. Олардың сөзінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.