Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыдағы көпқабатты үйде шыққан өрт толықтай сөндірілді

Бақытжан Мұса · · 250 қаралым
Алматыдағы көпқабатты үйде шыққан өрт толықтай сөндірілді

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Тұрғыт Озал көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында шыққан өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеп мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер подъезде қою түтіннің болғанын анықтаған. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап, өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Өртті жоюға газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше тобы жұмылдырылды. Жедел атқарылған іс-қимылдың нәтижесінде тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp