Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыдағы Саин көшесінде арнайы автобус жолағы пайда болады

Бақытжан Мұса · · 40 қаралым
Алматыдағы Саин көшесінде арнайы автобус жолағы пайда болады

Алматыдағы Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, 20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде арнайы автобус жолағы пилоттық режимде жұмысын бастайды.

Жоба аясында жол қызметтері сары түсті жолақтар сызып, қажетті жол белгілерін орнатуда. Барлық дайындық жұмыстарын 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жолдағы қауіпсіздікті күшейту және көлік ағынын оңтайландыру.

Күтілген нәтижеге сәйкес, жаңа қозғалыс схемасы автобустардың уақытылы қатынауын қамтамасыз етіп, кептелістерді азайтуға және маршруттардың кестесін сақтауға мүмкіндік береді.

Пилоттық режим енгізілген өзгерістердің тиімділігін бағалап, жүргізушілердің жаңа тәртіпке біртіндеп бейімделуіне жағдай жасайды. Осыған байланысты қала тұрғындарына жол белгілері мен жол таңбаларына мұқият назар аударып, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp