Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы мердігер компания Сәтбаев көшесіндегі жұмыстарды аяқтап, бұрынғы жол таңбаларын алып тастағанын мәлімдеді, дейді Qandastar.kz Tengrinrws.kz порталына сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесі мен Назарбаев даңғылы арасындағы бөлігіндегі ескі жол белгілері демонтаждалып, оның орнына жол қозғалысын ұйымдастырудың бекітілген схемасына сәйкес жаңа таңбалар нанесілген.
Ведомство бұл жұмыстардың мердігердің өз қаражаты есебінен, бюджеттен қосымша қаржы бөлінбестен жүргізілгенін атап өтті.
Сәтбаев көшесінде қандай өзгерістер болды?
Еске сала кетейік, Алматыда Сәтбаев көшесінің Луганский көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі 3,7 шақырымдық бөлігі абаттандырылып жатыр. Жоба аясында Республика алаңының маңындағы аумақ та жаңартылуда.
Назарбаев даңғылымен қиылыста көлік қозғалысының схемасы өзгертілді. Енді Желтоқсан көшесі бағытына қарай қозғалған жүргізушілер қажетті жолаққа алдын ала ауысуы тиіс. Бұл ретте көліктерге арналған алты жолақ — әр бағытта үш жолақтан сақталды.
Сонымен қатар реконструкциядан кейін учаскеде екі жаңа бағдаршам және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды. Ал Республика алаңының алдындағы автотұрақ алынып тасталды.