«Халық заңгері» атанып кеткен адвокат Мейірман Шекеев Алматыда үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты тың ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды
порталы.
Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Барлық сараптамалардың қорытындыларын алдық. Кішкене кейбір процессуалдық әрекеттер жасалғаннан кейін, мамырдың басында іс сотқа жолданатынын хабарлаймыз. Кейбір сараптамалардың қорытындысына сәйкес, Zeekr автокөлігінің иесі аса жылдамдықпен жүргені анықталды. Бұдан басқа ақпараттарды әзірге жариялай алмаймыз
Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 2026 жылғы 21 наурыз күні шамамен 03:30-да Әл-Фараби даңғылы бойында болған еді.
Тергеу мәліметінше, Zeekr 009 автокөлігі батыс бағытта қозғалып келе жатып, Мендіқұлов көшесі қиылысында көлікті басқара алмай қалған.
Нәтижесінде көлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Алдын ала ақпарат бойынша, олар шамамен 20–25 жас аралығындағы бір ер адам және екі әйел болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)