Алматы қаласындағы үш жоғары оқу орнында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Полиция мен шұғыл қызметтер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттарды тексерді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, хабарлама қаладағы әртүрлі аудандарда орналасқан үш университетке қатысты түскен.
Мамандар оқу орындарының ғимараттары мен айналасындағы аумақтарды кешенді тексеруден өткізді. Нәтижесінде жарылғыш заттар табылған жоқ. Қауіп туралы ақпарат расталмады.