Мазмұнға өту
qandastar.

Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі: тұрғындар жол қозғалысын өздері реттеді

Бақытжан Мұса · · 665 қаралым
Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі: тұрғындар жол қозғалысын өздері реттеді

Алматы қаласы мен Алматы облысында орын алған ауқымды электр энергиясының өшуі салдарынан шаһар жолдарында кептелістер пайда болып, қозғалыс қиындады, дейді Qandastar.kz.

Жарықтың өшуіне байланысты көшелердегі бағдаршамдар жұмысын тоқтатты. Осы сәтте қаланың белсенді әрі жанашыр тұрғындары полиция қызметкерлерін күтпестен, өз бастамаларымен жол қиылыстарына шығып, жол қозғалысын реттеуге көмектесті.

Әлеуметтік желілерде ерікті тұрғындардың бұл әрекеті таспаланған бейнежазбалар тарап, көпшіліктің сүйіспеншілігі мен алғысына бөленуде. Желі қолданушылары азаматтардың бұл қадамын шынайы жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі деп бағалады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp