Мазмұнға өту
qandastar.

Алматылық әйел көз түсін өзгертемін деп көру қабілетінен айырылып қала жаздады

Малика Хамит · · 38 қаралым
Алматылық әйел көз түсін өзгертемін деп көру қабілетінен айырылып қала жаздады

Алматы тұрғыны көзінің түсін өзгерту мақсатында шетелде ота жасатқаннан кейін ауыр асқынуларға тап болып, көру қабілетінен айырылып қала жаздады, деп хабарлайды

порталы.

Операциядан соң әйелде глаукома мен көздің мөлдір қабығының бұлдырлануы анықталған.

Соның салдарынан бір көзі мүлдем көрмей қалған, ал екінші көзі тек жарықты ғана сезетін деңгейге дейін нашарлаған.

Кейін оған I топтағы мүгедектік тағайындалған.

Пациент Қазақстан мен шетелдегі бірнеше медициналық орталыққа жүгінгенімен, мамандар тәуекелі жоғары болғандықтан ем жүргізуге келіспеген. Оның соңғы үміті жарықты аздап ажырата алатын жалғыз көзі болған.

Күрделі жағдайды Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының офтальмологы Гүлзат Әбдірайымова қолға алды. Дәрігерлердің айтуынша, көзішілік қысымның өте жоғары болуы операцияны одан әрі қиындатқан. Сонымен қатар, хирургиялық араласу кезінде экспульсивті қан кету қаупі сақталып, бұл толық соқырлыққа әкелуі мүмкін еді.

Соған қарамастан мамандар көзді сақтап қалу үшін күрделі операция жасауға шешім қабылдады. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған ота барысында антиглаукомалық ем жүргізіліп, мөлдір қабық трансплантацияланды.

Маған қайтадан жарық дүниені көруге мүмкіндік берген дәрігерлерге алғысым шексіз
деді пациент.

Дәрігерлердің кәсіби жұмысының нәтижесінде көзішілік қысым қалыпқа келтіріліп, бұрын тек жарықты ғана сезген көздің көру қызметі қалпына келді. Қазір пациент оңалту курсынан өтіп, мамандардың тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, мөлдір қабықты трансплантациялау офтальмологиядағы ең күрделі операциялардың бірі саналады. Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында мұндай жоғары технологиялық оталар донорлық бағдарлама аясында жүргізіледі. Биылдың өзінде дәрігерлер 12 осындай операция жасап, көптеген науқастың көру қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік берген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp