Алматы қаласының Алатау ауданындағы Мәдениет ықшам ауданында кішкентай баланың терезеден құлап кете жаздады.
Оқиға алты қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында болған, деп хабарлайды
порталы.
Куәгерлер пәтер терезесінде жалғыз отырған баланы байқап, жедел қызметке хабар берген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы автосатыны пайдаланып, ашық терезе маңында тұрған баланы қауіпсіз жерге алып шықты.
Белгілі болғандай, пәтер есігі іштен құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған. Шамамен 5 жастағы бала кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Құтқару жұмыстарына СПЧ-19 бөлімінің қызметкерлері қатысқан. Атап айтқанда, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты Сұлтан Нұрпейісов пен өрт сөндіру автосатысының аға нұсқаушысы, азаматтық қорғау старшинасы Дәулет Кенже кәсіби шеберлік танытқан. Автосаты дәл әрі жылдам орналастырылып, баланы қауіпсіз құтқаруға мүмкіндік жасалды.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды
ТЖМ ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға кеңес берді.
[video width="720" height="1296" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/video_2026-05-22_07-51-30.mp4"][/video]