Алматылық нейрохирургтер жаттығу кезінде мойнынан ауыр жарақат алған жасөспірімге күрделі ота жасап, аман алып қалды, деп хабарлайды
порталы.
Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жаттығу барысында мойын омыртқасынан ауыр жарақат алған 14 жастағы спортшыға ота жасалды.
Оқиға шамамен екі ай бұрын күрес үйірмесіндегі жаттығу кезінде болған.
Белдесу барысында жасөспірім басымен төмен құлаған.
Құлаған сәтте мойны қатты ауырып, кейін әлсіздік, бозару және қолының ұюы байқалған.
Жағдайы жақсармаған соң, отбасы дәрігер көмегіне жүгінген.
Тексеру кезінде дәрігерлер мойын омыртқаларының бірінің сынғанын және омыртқалар түйіскен тұста ығысудың барын анықтады. Бұл жұлынға зақым келтіруі мүмкін аса қауіпті жағдай еді
Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, оған ота жасалды.
Дәрігерлер зақымданған омыртқаны өз орнына келтіріп, мойын бөлігінің дұрыс бітуі үшін арнайы тәсілмен бекітті.
Мойын омыртқасының жарақаты - ең қауіпті зақымдардың бірі. Бұл жағдайда дер кезінде ота жасап, ауыр асқынудың алдын алдық. Қазір баланың жағдайы тұрақты, сауығып келеді», - дейді Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахым Ахан.
Емнен кейін жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, ол үйіне шығарылды.
Алдағы уақытта тұрғылықты жеріндегі дәрігерлердің бақылауымен оңалту шараларынан өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Балаларға Шұғыл Жәрдем (@cdnmp_almaty)