Мазмұнға өту
qandastar.

Алматылықтарға қажет байланыс нөмірлері жарияланды

Бақытжан Мұса · · 11 қаралым
Алматылықтарға қажет байланыс нөмірлері жарияланды

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына күнделікті коммуналдық мәселелер туындаған жағдайда қажет болатын байланыс нөмірлерін сақтап қоюды ұсынды. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, қала тұрғындары күн сайын су мен электр энергиясының өшуі, көшедегі жарықтың істен шығуы, аулалардың тазаланбауы және жол жөндеу жұмыстары сияқты мәселелерге тап болуы мүмкін. Сонымен қатар қоғамдық көлікке қатысты шағымдар да кездеседі.

Осындай жағдайларда қажетті қызметке жедел хабарласу үшін арнайы жадынаманы сақтап қоюға болады. Онда Алматы тұрғындарына түрлі коммуналдық және қалалық мәселелер бойынша қайда жүгіну керегі көрсетілген.

Бұған дейін Алматы әкімдігі әуежайдың жаңғыртудан кейінгі өзгерістері туралы ақпарат берген еді. Жолаушыларды қандай жаңалықтар күтетіні және жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны да айтылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp