Мазмұнға өту
qandastar.

Алматылық дәрігерлер төртінші қабаттан құлап, комаға түскен әйелді аман алып қалды

Малика Хамит
Алматылық дәрігерлер төртінші қабаттан құлап, комаға түскен әйелді аман алып қалды

Алматыда төртінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген әйелдің өмірін дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Науқас бірнеше ауыр жарақат алып, комаға түскен.

Әйел медициналық мекемеге екінші дәрежелі кома жағдайында жеткізілген. Оның жарақаттық және геморрагиялық шок алғаны анықталды. Сондай-ақ жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, кеуде тұсы қатты зақымданған.

Дәрігерлер алдымен науқастың өміріне қауіп төндірген жағдайды тұрақтандырып, өмірлік маңызды ағзаларының қызметін қалпына келтірді. Кейін сынған сүйектерді арнайы металл пластиналар мен бұрандалардың көмегімен бекіту бойынша күрделі ота жасалды.

Операциядан кейін екінші күні-ақ әйелді біртіндеп қозғалысқа келтіру басталған. Дәрігерлердің көмегімен 18 күн емделген науқас ауруханадан үйіне шығарылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp