Мазмұнға өту
qandastar.

Алматының Алатау ауданында бір күнге суық су өшіріледі

Бақытжан Мұса · · 151 қаралым
Алматының Алатау ауданында бір күнге суық су өшіріледі

Алматы қаласының Алатау ауданында суық сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 11 маусымда су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

«Алматы Су» МКК мәліметінше, 11 маусым күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Мәдениет шағын ауданындағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлерге суық су беру уақытша шектеледі.

Кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 нөмірі арқылы алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» жасанды жаңбыр туралы тараған қауесеттерге қатысты түсініктеме берген болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp