Алматының Медеу ауданында 12-16 мамыр аралығында бірқатар аумақта газ уақытша өшіріледі. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Шектеу Көктөбе шағынауданы, Достық даңғылы, Армянская көшесі және Тәттімбет көшесі аралығындағы аумақты қамтиды. Осы кезеңде аталған аймақта тұратын тұрғындар мен нысандарға газ беру уақытша тоқтатылады.
Сонымен қатар бірнеше көшеде қозғалысқа ішінара шектеу енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда: • Ж. Омаров көшесінің Тәттімбет көшесімен қиылысында; • Луганский көшесінде Армянская көшесінен Әл-Фараби даңғылындағы көпірге дейінгі аралықта.
Қала қызметтерінің мәліметінше, уақытша шектеулер жаңа газ құбырларын қолданыстағы жүйеге қосу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Мамандар тұрғындарға алдын ала қажетті шараларды жасап, газды үнемдеп пайдалануға кеңес берді.