Мазмұнға өту
qandastar.

Алматының медицина ұйымдары 17,6 млрд теңге қарызға батқан

Малика Хамит
Алматының медицина ұйымдары 17,6 млрд теңге қарызға батқан

Алматыда дәрілік заттарға қажеттілік қайта есептеліп, бюджеттен 15,8 млрд теңгені негізсіз жұмсаудың алдын алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Алматыда дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты жоспар қайта қаралып, 15,8 млрд теңгені артық жұмсауға жол берілмеді. Жалпы республика бойынша осындай есептің нәтижесінде 42,5 млрд теңгеден астам қаржы үнемделген.

Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының биылғы тоғыз айдағы жұмыс қорытындысына арналған алқа отырысында көтерілді.

Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кезінде ашықтық пен заңдылықты сақтауды тапсырды. Сондай-ақ препараттарды жеткізудің кешігуіне қатысты әрбір шағымды жеке тексеру қажеттігін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp