Мазмұнға өту
qandastar.

Алты жасынан бері зорлық көрген: Риддерде қыздың әкесі ұсталды

Малика Хамит · · 1 460 қаралым
Алты жасынан бері зорлық көрген: Риддерде қыздың әкесі ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды

порталы.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті — баланың туған әкесі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бірнеше жыл бойы зорлық көрген. Қылмыс бала алты жаста болған кезден басталған деген мәлімет бар. Қазір жәбірленушінің жасы 13-те.

Күдікті шілде айында жұмыс орнында ұсталған. Кейін сот санкциясымен қамауға алынған.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі
деп хабарлады ведомство.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу: Telegram WhatsApp