Мазмұнға өту
qandastar.

Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды

Малика Хамит
Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды

Қазақстанның танымал композиторы, өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаев Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оған «Отан» ордені табысталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Марапат елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына үлес қосқан, қоғамдық қызметте белсенділік танытқан азаматтарға берілді.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, өндіріс пен бизнес өкілдері, ұстаздар, ғалымдар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, спортшылар және мәдениет қайраткерлері бар.

Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды. Ол – қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан белгілі композитор. Сондай-ақ «Музарт» тобының Қазақстанда және шетелде танылуына ерекше үлес қосқан тұлғалардың бірі.

Мемлекеттік наградаға өзге де бірқатар азамат ие болды. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә. Доспановқа берілді.

Бұдан бөлек, актер Нұржұман Ықтымбаев пен «TNS-group» концернінің президенті Т. Жұмағұлов I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндіріс мамандары мен қоғам белсенділері де түрлі мемлекеттік наградаға ие болды.

Жалпы, Республика күні қарсаңында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, кәсіпкерлер, педагогтер, ғалымдар мен медицина қызметкерлерін қоса алғанда, ел дамуына үлес қосқан жүздеген азамат марапатталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp