Мазмұнға өту
qandastar.

Алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға сыйақы толық беріледі

Малика Хамит · · 24 қаралым
Алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға сыйақы толық беріледі

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Азия ойындарында алтын медаль алып, кейін нәтижесі жойылған Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды

порталы.

Федерация спортшының жарыстан шеттетілуіне байланысты шешіммен келіспейтінін айтып, тиісті шағым жолдаған.

Мәселе Ясминаның жарыста киген аяқ киіміне қатысты туындаған. Федерацияның мәліметінше, World Athletics рұқсат еткен аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді бар. Алайда спортшы пайдаланған нақты модель бұл тізімнен табылмаған.

Сонымен бірге жарыс басталар алдында Ясминаның аяқ киімі тексеріліп, оған сайысқа қатысуға рұқсат берілген. Осыған байланысты федерация спортшының құқықтары мен мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Федерация өз тарапынан жауапкершілікті де мойындайтынын атап өтті. Ең бастысы, шағымның нәтижесі қандай болғанына қарамастан, Ясминаға чемпионға тиесілі барлық сыйақы толық көлемде төленеді.

Чемпионға тиесілі барлық сыйақы федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді
делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы спорттық жүрісте мәреге бірінші болып жеткен еді. Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне қатысты наразылық түсіп, спортшы алтын медальдан айырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp