Мазмұнға өту
qandastar.

«Алёшаның қызымын»: Танымал журналист сырымен бөлісіп, елді таңғалдырды

Малика Хамит · · 279 қаралым
«Алёшаның қызымын»: Танымал журналист сырымен бөлісіп, елді таңғалдырды

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Гүлнәз Әлімгерей өз әкесі жайлы шындықты айтты, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Папамды - Алёша, мені - Гүлназ деп атаған туғанымыздан. Әкеме - Әлімгерей (Әлім руынан), маған - Гүлназия (әжем қойған) деп ерекше есімдер қойылған негізі. Көзімді ашқалы әкемді әріптестері ғана Әлімгерей Сүлейменұлы деп айтатын. Маған ата-анам да, балабақша да, мектеп те, жұмыста да, тұрмыста да ешкім Гүлназия деген емес (бірді-екілі болмаса)) Тек құжат толтырғанда еске түседі. Құдай біледі, азан да шақырылмаған болар - қазір ғой шариғат заңдарын ұстанып жүргеніміз. Неге әдемі есіміңізді толық айтпайсыз деп сұрайтындар бар?! Осы күнге дейін ешкім былай атамаса, жүріп-жүріп Гүлназия құдағимын десем, «ойпырмай, осылар өзгере қалады» дейтін болар)) Әлде болашақ немерелеріме «әжелеріңнің аты Гүлназия деп үйретсем бе екен?» Гүлназ, Әлімгерей есімдерінің тарихы осындай!
деп жазды журналист.

Желі қолданушылары тілшінің өз есімі әдемі екенін жазып, қолдау білдіріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Gulnaz ALIMGEREY (@gulnaz_alimgerey)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp