Мазмұнға өту
qandastar.

«Amanat» «Әділетпен» бірігетін болды

Малика Хамит · · 164 қаралым
«Amanat» «Әділетпен» бірігетін болды

Елордада «Аmanat» партиясының XXVI съезі өтті.

«Amanat» съезінде жаңадан құрылған «Әділет» партиясымен бірігу мәселесі қозғалды, деп хабарлайды

порталы.

Жиынға қатысқан депутаттар бұл бастаманың елдің саяси жүйесін дамытуға бағытталған қадам екенін айтты.

Мәжіліс депутаты Ұнзила Шапақтың айтуынша, әрбір саяси ұйымның өз ұстанымы болғанымен, оларды біріктіретін ортақ құндылықтар әлдеқайда маңызды.

Бізді біріктіретін жалпы құндылықтар әлдеқайда маңызды. Бұл – жаңа Конституцияда бекітілген әділ мемлекет құру қағидаты, тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы, қауіпсіздігі, азаматтардың әл-ауқаты және өскелең ұрпақтың болашағы
деді депутат.

Ол сондай-ақ Конституцияда белгіленген реформалар мен қағидаттар барлық саяси күштер үшін негізгі бағдар болып қала беретінін атап өтті.

Ұнзила Шапақтың пікірінше, партиялардың ықтимал бірігуі саяси жүйенің заңды эволюциясын көрсетеді.

Бұл қадам – саяси жүйенің табиғи дамуы және ел мүддесіне қызмет ететін күштердің ортақ мақсат үшін бірігуге дайындығы
деді ол.

Бастаманы Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Илья Теренченко да қолдады. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда күш-жігерді біріктіріп, жалпыұлттық мақсаттарға жұмылу маңызды.

Біз бұл шешімді уақтылы қадам ретінде қарастырамыз. Мұның бәрі тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, халықтың бірлігін күшейтуге және елдің тұрақты дамуына қызмет етуі тиіс
деді Теренченко.

Ол өз сөзінде мемлекет басшысының ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегінде топтасудың маңызын бірнеше рет атап өткенін еске салды.

Айта кетері, 7 мамырда Астанада «Әділет» партиясын құру бойынша құрылтай өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp