Американың Орегон штатында жергілікті тұрғындар, ерлі-зайыпты Зак пен Николь заманауи киіз үй жасап шықты. Бұл туралы YouTube желісіндегі Living Big In A Tiny House каналында видео жарияланды.
https://www.youtube.com/watch?v=f05NYU3kmFs
Ерекше құрылыстың диаметрі – 9 метр. Киіз үй жайлы өмір сүруге керекті барлық жабдықпен қамтылған. Құрылымы жағынан да бірқатар ерекшеліктерге ие. «Киіз үй – өте әдемі, жайлы әрі жинап-құрастыруы оңай»,– дейді жастар. Зак пен Николь көшпенді халықтың дәстүрлі жылжымалы баспанасына жаңа көзқараспен қарауға шақырады. «Сәулет жағынан да келіскен бірегей дүние пайда болды», – делінген жазбада.
Дереккөз: https://24.kz/