Мазмұнға өту
qandastar.

Анасына қол көтерген ақтөбелікке 400 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды

Малика Хамит · · 1 064 қаралым
Анасына қол көтерген ақтөбелікке 400 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды

Ақтөбе облысында ер адам өз анасын соққыға жыққан оқиға бойынша іс қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айыптау деректеріне сәйкес, 35 жастағы азамат мас күйінде үйіне келіп, анасының құрбысымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырғанын көрген. Ашуға булыққан ол алдымен қонақ әйелге қол көтеріп, кейін дастарқанды төңкерген.

Жанжал барысында анасы құрбысын қорғауға тырысқан. Осы сәтте ер адам оған да күш қолданып, бетінен ұрып, жерге құлатып, тепкілеген. Кейін оны көтеріп, тұншықтыруға әрекет жасаған. Салдарынан жәбірленушінің екі қабырғасы сынған.

Белгілі болғандай, анасы ұлын кешіргеннен кейін қылмыстық іс тоқтатылған.

Сот шешімімен ер адам 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp