Қазақстандық боксшы, әлем және Еуропа чемпионы Ангелина Лукас Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ата-анаңның үйін тексер» акциясын қолдап, азаматтарды жақындарының қауіпсіздігіне назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Спортшының айтуынша, бокста ережелерді сақтау, мұқият болу және өзгелерге жауапкершілікпен қарау маңызды. Бұл қағидалар күнделікті өмірде де өзекті.
Ангелина Лукас қазақстандықтарға ата-анасының үйіне барған кезде пештің, электр сымдарының және газ жабдықтарының қауіпсіздігін тексеруге бірнеше минут бөлуді ұсынды.
Акцияның мақсаты – тұрмыстық өрт пен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ егде жастағы ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару.
«Қамқорлық – бұл да күш. Ата-анаңыздың үйін тексеріңіз. Олардың қауіпсіздігіне бірге көңіл бөлейік!» – делінген акция үндеуінде., деп хабарлайды Qandastar.kz.