Мазмұнға өту
qandastar.

Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да полицияға жеткізілді

Малика Хамит · · 389 қаралым
Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да полицияға жеткізілді

Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі күйеуінің үстінен тағы да арызданды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған отбасылық жанжал фактісі бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыртуға жедел түрде барған.

Әнші мен жұбайы мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Тексеру барысында әйел адам бастапқыда өзіне күш қолданылғанын хабарлаған.

Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз түсірген.

Қарау нәтижесінде ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетері, бұған дейін Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp