Қазақстан азаматшасы Әдия Алмабек Түркияның Анталия қаласында болған жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 15 маусымда болған.
Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және денесін елге қайтаруды ұйымдастыруға атсалысқан.
Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы құжаттарды ресімдеуге көмектесті. Жергілікті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және денесін репатриациялауды ұйымдастыруды қоса алғанда, барлық қажетті консулдық-құқықтық жәрдем көрсетті
Марқұмның денесі 17 маусымда Қазақстанға жеткізілген. Репатриация шығындарын жұмыс беруші мен серіктес ұйымдар көтерген.
Қазіргі уақытта бұл мәселе Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығының бақылауында. Дипломаттар Түркияның құзырлы органдарымен өзара жұмысты жалғастырып жатыр.