Мазмұнға өту
qandastar.

Антикор іздеп жүрген Азамат Қапенов кім?

Малика Хамит · · 178 қаралым
Антикор іздеп жүрген Азамат Қапенов кім?

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы Азамат Қапеновке қатысты қылмыстық істер қайтадан қоғам назарын аударды.

Бұрын теміржол саласында ықпалды менеджерлердің бірі саналған ол қазір халықаралық іздеуде жүр, деп хабарлайды

порталы «

» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арнаның мәліметінше, Азамат Қапеновті 2024 жылдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «алаяқтық» бабы бойынша іздесе, Қаржылық мониторинг агенттігі оны «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» ісіне байланысты күдікке ілген.

Сонымен қатар оған Ресейдің күштік құрылымдары да қызығушылық танытып отырғаны айтылды.

Даулы оқиғаның түп-тамыры 2015 жылға барып тіреледі. Сол кезде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдарының бірінде жекелеген компанияларға заңсыз түрде шамамен 5 миллиард теңге көлемінде жеңілдіктер берілген деген күдік туындаған. Іс 2016 жылы тоқтатылғанымен, 2025 жылы Бас прокуратураның араласуынан кейін қайта қозғалған.

Оның елден кету уақыты да үлкен күдік тудырады — ол Қазақстаннан тура Қаңтар оқиғасы басталар алдында ұшып кеткен
деп жазады дереккөз.

БАҚ мәліметінше, Қапенов кейін бірнеше елдің азаматтығын рәсімдеуге тырысқан. Алдымен Ресей, кейін Қырғызстан азаматтығын алғаны, сондай-ақ 2024 жылы БАӘ резиденті мәртебесін иеленгені айтылып отыр. Бұл қадамдар экстрадиция процесін қиындату үшін жасалған болуы мүмкін деген болжам бар.

Өткен жазда ол БАӘ аумағында Қазақстанның сұрауымен ұсталғанымен, кейін Қырғызстанға өтіп кеткені хабарланды. Қазіргі уақытта Азамат Қапенов Бішкекте болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда қырғыз құқық қорғау органдары оны Қазақстанға экстрадицияламаған.

Әзірге Қазақстанның ресми органдары Қапеновтің нақты қайда жүргені туралы толық ақпарат жариялаған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp