Мазмұнға өту
qandastar.

Антикор мәслихат төрағасы мен депутатқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады

bahitzhanabzal · · 157 қаралым
Антикор мәслихат төрағасы мен депутатқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды  qandastar.kz

Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталуда.

2025 жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды
делінген ақпаратта.
Бөлісу: Telegram WhatsApp