Танымал әнші Мақпал Жүнісова қазақ өнерінің аңызы, актер Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты қайғыра көңіл білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Оzgeris.info-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі бұл туралы Instagram әлеуметтік желідегі
жазба жариялаған.
Ағамыздан айырылып қалдық… Нар тұлғасымен, адамдығымен, адалдығымен мәңгі есте қалары анық. Аңыз ағамен қоштасқым келмейді, амал қанша… Иманыңыз саламат болсын, асыл аға. Өзіңізге тамсана қарайтын халқыңызға қайғыра көңіл айтамын. Отбасыңызға Алла сабыр берсін
Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовтен талай мәрте бата алғанын айтып, қайталанбас тұлғаның қазақ халқы үшін орны ерекше екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)