Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы бастамашы болған терроризм мен зорлықшыл экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық бастама. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Бұл бастама аясында мемлекет басшылары, арнайы қызметтер, әскери ведомстволар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосады.
Кездесулердің негізгі мақсаты – қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінік қалыптастыру, терроризм мен зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл шараларын үйлестіру және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.